+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной этап Президентской олимпиады по предметам естественно-математического цикла

Қашықтықтан өткізілетін облыстық оқыту семинарын өткізу ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

1. Жалпы ережелер

Қашықтықтан өткізілетін облыстық оқыту семинарының (бұдан әрі – семинар) Ережелері Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына,Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру Тұжырымдамасына сәйкес дайындалды.

Семинардың ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» орталығы).

Семинар бағдарламасында: лекциялар, бақылау тапсырмалары.

Қашықтықтан өткізілетін семинардың көлемі - 72 сағат.

Қашықтықтан өткізілетін семинар бір уақытта өтеді. Ұзақтығы – 7 күн.

 

2. Семинардың мақсаты мен міндеттері

Семинардың негізгі мақсаты – білім сапасын арттыру, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыруда мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету.

Негізгі міндеттер:

1. Дарынды балаларды анықтауға, дамытуға, қолдауға жағдай жасау үшін жұмыс түрлері мен әдістерін жетілдіру, интерактивті технологияларды енгізу.

2. Дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту.

3. Ақпараттық-байланыс технологиясы аясында, қашықтықтан оқыту жүйесінде мұғалімдердің білімі мен дағдыларын жетілдіру.

 

3. Жұмысшы органдар

Қашықтықтан өткізілетін семинарды ұйымдастырып, өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).

Ұйымдастыру комитеті:

-   қашықтықтан өткізілетін семинарға дайындық жүргізу мен өткізуге тікелей басшылық жасайды;

- қашықтықтан өткізілетін семинарға қатысуға өтінімдер мен қажетті материалдарды жинайды;

- қашықтықтан өткізілетін семинарға анализ жасап, нәтижесін қорытады;

- бұқаралық ақпарат құралдарында қашықтықтан өткізілетін семинарға дайындық жүргізу және өткізу туралы жариялайды.

 

 

4. Қашықтықтан өткізілетін семинарғақатысушылар

Қашықтықтан өткізілетін семинарға тілек білдірген барлық білім қызметкерлері:

- білім мекемелерінің жетекшілері;

- аудандық (қалалық) білім беру бөлімдерінің әдіскерлері;

- жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері;

- мектепке дейінгі, кәсіптік және техникалық, жоғарғы білім, қосымша білім  беру мекемелерінің оқытушылары қатыса алады.

Қашықтықтан өткізілетін семинарға қатысушыларға қойылатын талаптар – компьютерді пайдаланушы деңгейінде білу, Microsoft Word бағдарламасында, Интернетте жұмыс істей білу, Интернет желісіне қосылған компьютер болуы керек.

 

5. Қашықтықтан өткізілетін семинарға қатысу талаптары

Семинарға Интернет арқылы қатысады.

Қатысу ерікті түрде, ақылы.

Семинарға қатысу үшін Ұйымдастыру комитетіне:

- үлгі бойынша өтінімді:

Өтінім үлгісі:

 

Білім қызметкерінің аты-жөні (толық)

Аудан/ қала

Жұмыс орны, қызметі

Жұмыс өтілі, санаты

Электронды мекен жайы

Байланыс телефондары

(үй, жұмыс не ұялы тел)

 

 

 

 

 

 

- ақыны төлегені туралы түбіртектің көшірмесін жіберу қажет.

Ұйымдастыру комитетінің мекен жайы: Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 79 (ШҚ ӨҒП "Дарын" орталығы), тел. 8/7232/552012.

E-mail: vk_daryn@mail.ru

 

6. Оқыту тәртібі

Алынған өтінімдерге сәйкес қашықтықтан өткізілетін семинарға қатысушылардың тізімі жасалады.

Ұйымдастыру комитеті семинарға қатысушының әрқайсысына қашықтықтан оқыту жүйесіне ену үшін қажетті жеке логин мен пароль белгілейді.

Логин менпарольдерді ұйымдастыру комитеті өтінімдерде көрсетілген электронды мекен-жайларға жібереді.

Қатысушыға белгіленген логин, парольдер даулы жағдайларды туғызбау үшін басқа адамдарға берілмеуі қажет.

Қашықтықтан өтетін семинарға қатысушыларды оқыту Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының http://shygysdaryny.kzбілім беру сайты арқылы жүзеге асады.

Семинарға қатысу үшін:

1. Міндетті түрде тіркеуден өту қажет. Тіркелу үшін http://shygysdaryny.kz сайтының оң жақ бұрышында «Қашықтықтан оқыту» терезесін тауып, қатысушыға берілген пароль мен логиндерді толтыру қажет.

2. Тіркеуден дұрыс өткен жағдайда жүйеде қашықтықтан оқыту порталында қатысушыға жеке парақшасы ашылады. Әрі қарай «Қазақстан тарихынан мұғалімдер үшін қашықтықтан оқыту курсы» бөліміне кіріп, берілген мәліметтерді жүктеу. Жүйеге қайталап кірген сайын қатысушы өзіне берілген логин мен парольді көрсетіп отыруы керек.

3.  Оқыту (порталды ашу, лекцияларды көшіріп алу, оларды оқу, бақылау тапсырмаларын орындау) қатысушылар үшін, төменде көрсетілген мерзімдердің аясында тәуліктің кез-келген қолайлы уақытында жүзеге асырылады (2015 ж. 25-31 наурыз аралығында).

Ескерту: әрбір жаңа тақырыпты ашу келесі кесте бойынша жүзеге асырылады:

 

Өту мерзімі

Тақырыбы

Формасы

Ұсынылатын электрондық ақпараттың атауы

25.03

 

Пән олимпиадасына дайындалудың әдістемесі

Дәріс-ақпарат

WORD құжаты: «Бағдарлама және әдістеме»

Пән олимпиадасына дайындалудың бағдарламасын әзірлеу

Дәріс-ақпарат

WORD құжаты: «Бағдарлама және әдістеме»

Тас дәуірінен бүгінгі күнге дейін 100 тақырыптық дәріспен танысу

26.03

1 - 25 дейінгі тақырыптар

Тақырыптық дәрістер

 

WORD құжаты: «Дәрістер 100 тақырып»

27.03

26 - 50 дейінгі тақырыптар

28.03

51 - 75 дейінгі тақырыптар

29.03

76 – 100 дейінгі тақырыптар

30.03

2004-2014 жылдар аралығында аудандық, облыстық, республикалық олимпиадаларда келген 100 шығармамен танысу

Шығармалардың тізімі

WORD құжаты:

«Шығарма тақырыптары»

31.03

Бақылау жұмысы

 

Шығармашылық жұмыс

 

 

4..Қашықтықтан өткізілетін семинарға қатысушыларды қорытынды аттестациялау бақылау тапсырмаларын орындау формалары арқылы жүзеге асады. Бақылау тапсырмалары 2015 жылдың 31 наурызында  бір тәулік бойы базада ашық тұрады.

5. Қажет болған жағдайда қатысушыға курс және тапсырмалар авторымен байланыс жасауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін әр қатысушы жеке парақшасында «Менің хабарламаларым» тетігін басып, терезе ашылғаннан кейін онда өзінің сұрағын жазуына болады. Қатысушыға жауап келгенде жеке парақшасында «Менің хабарламаларым» бөлімінде көрінеді.

 

7. Қатысушыларға ұпайларды беру тәртібі, критерийлері

 

Жұмыс мазмұны

Ұпайлар саны

Ең көп жиналатынқорытынды ұпайлар саны

1.

Блокты көшіріп алу (ұсынылған әр блокты бір рет қана көшіріп алуға болады)

 

Әр блокты көшіріп алғаны үшін 1 ұпай

Барлық блок - 6,

Барлық ұпай - 6

2.

Бақылау тапсырмаларын шешу

Курс авторымен бағаланады

Ең көп ұпай саны – 30.

ЖИЫНЫ

(ең көп жинауға болатын ұпай):

36 ұпай

 

8. Қашықтықтан өткізілетін семинардың қорытындысын шығару

Оқу қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.

Бақылау тапсырмаларын орындамаған, бірақ семинарға қатысу ақысын төлеген қатысушыларға сертификат берілмейді.

 

9. Қашықтықтан өткізілетін семинарды қаржыландыру

Қашықтықтан өткізілетін семинарды қаржыландыру құрылып, бекітілген шығын сметасына сәйкес жүзеге асырылады.