+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной этап олимпиады для учащихся 5-6 классов по общеобразовательным предметам и областной этап республиканской юниорской олимпиады по естественно-математическому и общественно-гуманитарному направлению
«Crazy holidays!»
15 Фев, 09:03

ШҚО  білім  басқармасының «Дарын» ШҚ ӨҒПО базасында «Сrazy  holidays!» күзгі  демалыс кезеңінде облысымыздың талантты да белсенді балаларды таза тау ауасы, жақсы көңіл-күй  және түрлі оқыиғалар мен қызықты  шараларға толы бағдарлама күтіп тұрды.

Әр күн барлық балалардың қатысуымен қызықты оқиғаларға толы болды, олар іс-шараларға, спорттық жарыстарға, түрлі конкурстар мен сахналық қойылымдарға белсене қатысты.

Жарқын және ұмытылмас есте қаларлық оқиға 31 қазан – барлық әулиелер күні қарсаңында Хикаялар түні - Хеллоуин мерекесі болды. Дәстүрге сәйкес  балалар  мерекеге түрлі жағымсыз, тылсым кейіпкерлердің (гномдар, тролль, қанішерлер және т.б.) костюмдерін киіп жиналды. Барлығы бағыттар бойынша түнгі бағдарлау элементтері бар қызықты сынақтардың,  бас қатырғыш ойындардың және рөлдік ойындардың қатысушысы болуға мүмкіндік алды.

 «Би алаңының жұлдызы»,  «Күз аруы – 2016 жыл»,  «Караоке-шоу»,   «ХХI ғасыр көшбасшысы» конкурстарында, «Біз салауатты өмір салты үшін!»шағын спартакиадасында балалар өздерінің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Балалар бойында түрлі таланттар ашылып, әр бала өзін тұлға ретінде танытуға мүмкіндік алды. Ең белсенділер грамоталармен және кубоктармен марапатталды.

«Сrazy  holidays!» күзгі демалысы гала-концертпен, мандариннің хош иісімен «мандаринді» би кешімен және естелікке достардан тілек сөздермен аяқталды.

«Дарын» базасында өткен жағымды демалыс жөніндегі естеліктер балалар есінде мәңгі қалатынына үміттенеміз.