+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
XXII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АБАЙ ОҚУЛАРЫНЫҢ ОБЛЫСТЫҚ КЕЗЕҢІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
05 Мая, 15:20

2021 жылғы 13-14 мамырда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жалпы білім беретін ұйымдардың 8-11 сынып оқушылары арасында ХХII  республикалық Абай оқуларының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізеді.

Абай оқуларының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, Абай мен Шәкәрім шығармашылығын насихаттау, оқушылардың эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұлы ақындардың поэзиясына, рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Ережеге сәйкес, Абай оқулары үш кезеңде өткізіледі: аудандық (қалалық), облыстық және республикалық турлары. Облыстық кезеңге аудандық (қалалық)  кезеңдерінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 8-11 сынып оқушылары қатыса алады. Әр ауданнан (қаладан) 6 оқушыдан (әр номинация бойынша - 1 оқушы) қатысады. ОблыстықАбай оқулары қазақ тілінде алты номинация бойынша өткізіледі:

1 номинация - «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы – Абай өлеңдерін жатқа оқу конкурсы.

2 номинация - «Абайдың қара сөздері» номинациясы бойынша Абай қарасөздерін жатқа, мәнерлеп оқу.

3 номинация - «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» номинациясы бойынша Шәкерім Құдайбердіұлы, Ақылбай Абайұлы, Мағауия Абайұлы шығармаларын жатқа оқу. 

4 номинация - «Көңілім әнді ұғады» номинациясы – оқушының Абай және Шәкәрім әндері мен күйлерін орындау.

5 номинация - «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда»  номинациясы –оқушылардың өз шығармаларын (поэзиялық) орындау.

6 номинация - «Ұлылар әлемі» Абай мен Шәкәрімнің шығармашылығына, рухани болмысына қатысты тақырыпқа (ұсынылған тақырыптардан таңдау) эссе жазу.

Қатысушының теориялық білімін, шығармашылық қабілетін тексеру мақсатында эссе жұмысы бойынша арнайы 3 тақырып ұсынылады. Оқушы бір тақырыпты таңдап 1 сағат 30 минут көлемінде эссе жазып тапсырады.

Дарынды балаларды қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы хабарлауға қызығушылық танытқан БАҚ-тарды 2021 жылдың 13 мамырында сағат 10.00-де Абай даңғылы, 21,  Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығына шақырамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7232) 75-26-91 телефонына хабарласуға болады.