+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық «Дидар» газеті 8 қыркүйек 2020 жыл № 107 (17958), Онлайн жарыста озып шықты
10 Сен, 14:57

Жыл сайын дәстүрлітүрде мектеп оқушыларының арасында Абай оқулары өтеді. Халқымыздың әдеби мұрасын насихаттау, оқушылардың классикалық қазақ әдебиетін оқуға қызығушылығын арттыру, ұлы Абай мен Шәкәрім шығармашылығын насихаттауды мақсат тұтатын Абай оқулары биыл онлайн форматта өтті. Байқаудың республикалық кезеңіне облыстан 12 оқушы қатысты.

Абай оқуларының республикалық кезеңіне қатысушылар «Өлең -  сөздің патшасы сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Көңілім әнді ұғады», «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда», «Ұлылар әлемі» атты алты аталым бойынша сайысқа түсті. Республикамыздың түкпір-түкпірінен үміткерлер қатысқан сайыста шығыстық дарындар ерекше көзге түсіп, жалпы командалық есеп бойынша 1-орынды иеленді. Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ «Дарын» республикалық ғылыми -практикалық орталығының грамоталарымен және бағалы сыйлықтарымен  марапатталды.