+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Дереккөзі: Облыстық «Дидар» газеті 08.01.2020 жыл Алматыға алты оқушы барады
10 Янв, 14:57

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай облыстық білім басқармасының «Дарын» орталығы 9-11-сынып оқушыларының арасында қазақ тілі мен әдебиетінен II республикалық Абай олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді. 
Өскемендегі Қазақстан-Американдық Еркін университетінің базасында өткен білім сайысына өңіріміздің аудандары мен қалаларындағы іріктеу айналымынан өткен 120-ға жуық дарынды оқушы қатысты.

Олимпиадаға қатысушылар эссе жазу және ауызша тапсырмалар орындау бойынша бақ сынады.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломмен Абай ауданы Шәкәрім атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Аружан Кәріпбаева, Алтай қаласы №9  орта мектебінің 9-сынып оқушысы Жансұлу Әмірбекова, Аягөз ауданы №1 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Айдана Төлегенова, Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының 10-сынып оқушысы Аружан Құмарбекова, Абай ауданы Қарауыл гимназиясының 11-сынып оқушысы Жанел Оралханова, Зайсан ауданы Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Дина Ұшқынқызы марапатталды.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен  жүлдегерлеріне дипломдар мен сыйлықтар тапсырылды. Білім сайысының  жеңімпаздары қаңтар айында Алматы қаласында өтетін II республикалық Абай олимпиадасына жолдама алды.


Айжанат Бақытқызы