+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық «Дидар» газеті 23 сәуір 2019 жыл №46 (17746) «Балдырғандар» биіктен көрінді
29 Апр, 16:05

Өңірлік ғылыми-практикалық «ДАРЫН» орталығының ұйытқы болуымен облыстың 3-4 сынып оқушыларының арасында «Балдырған» облыстық олимпиадасы болып өтті.

Олимпиада қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, орыс мектептеріндегі қазақ тілі, қазақ мектептеріндегі орыс тілі, ағышын тілі, дүниетану, математика, көркем еңбек пәндері бойынша өтті. Сайыстың нәтижесінде жас жүлдегерлер мен жеңімпаздарға I, II, III дәрежелі дипломдар және бағалы сыйлықтар табыс  етілді. I дәрежелі дипломмен -36 , II дәрежелі дипломмен- 46, III дәрежелі дипломмен- 96 оқушы марапатталды. Олимпиада аясында қатысушылар үшін мәдени және ойын сауық бағдарламалары, квестер ұйымдастырылды. Әрбір қатысушы өзінің сүйікті мултьфильм кейіпкерлер бейнесіндегі қуыршақтармен суретке түсу мүмкіндігіне ие болды.